ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ШУ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ “ АМАНГЕЛДІ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІ" КММ

БОС ЖӘНЕ УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

ХАБАРЛАНДЫРУ! Бос лауазымдардағы педагогтің орнына қатысатын үміткерлерге! ҚР Оқу - ағарту министрлігінің 12.01.2024 жылғы №4-08-4/258-И хатының негізінде "Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына сәйкес орта білім беру ұйымдарында (мектепте) педагогтерді жұмысқа қабылдау бойынша конкурстық рәсімдерді өткізу процестерін автоматтандыру мақсатында "Ұлттық білім беру деректер базасы" ақпараттық жүйесінде "Педагогтерді жұмысқа қабылдау" модулі іске қосылды.

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Амангелді атындағы орта мектебі» КММ.

Мекеменің мекен-жайы: Алға ауылы , Қарашаш №47

Анықтама, байланыс номері: 5-10-30

Электрондық пошта: shcola.amanqeldi@mail.ru

II. Негізгі функционалдық міндеттері:

Білуге міндетті:ҚР Конституциясын, ҚР Еңбек Кодексін, ҚР "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика және психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.

Лауазымдық міндеттері: Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады. Оқыту процесіне инновациялық, ақпараттық технологияларды ендіруді қамтамасыз етеді. Білім алушыларды мемлекеттік білім беру стандартында қарастырылған білім, білік және дағдылармен қамтамасыз етеді. Білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және дайындауға қатысады, оны оқу жоспары мен оқу үрдісі кестесіне сәйкес іске асырылуын қамтамасыз етеді.

Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттыруды жүзеге асырады. Кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады. Әдістемелік бірлестіктердің және әдістемелік басқа да іс-шараларға қатысады.

Математика пәні мұғалімі (уақытша бос орын)-16 сағат

Ағылшын тілі пәні мұғалімі (уақытша бос орын-2)-32 сағат

Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (уақытша бос орын)-16 сағат

Хореограф (тұрақты )-1 бірлік

III. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар: пән бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат; конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесіне сәйкес, педагогикалық еңбек өтілі бар үміткер үшін педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы міндетті. Егер үміткердің педагогикалық еңбек өтілі бола тұра біліктілік санаты болмаған жағдайда және жоғары оқу орны мен кәсіптік оқу орнын бітірген жас мамандар үшін "Педагог" санаты бойынша Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты болу міндетті.

IV. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың 11 тамыз -20 тамыз аралығында,сағат 9.00-18.00, үзіліс 13.00-14.00. Конкурс өтетін күні: 27.08.2024 жыл. сағ 15.00 де

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 22 желтоқсандағы № 513 бұйрығының» 3-тарау, 1-параграфының 118 тармағына сәйкес жүргізіледі.

1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8 )наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.

11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

12) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.6.

Педагогтың уақытша бос лауазымының мерзімі: негізгі қызметкер жұмысқа қайта шыққан уақытқа дейін.

Конкурстық құжаттар Алға ауылы, Қарашаш №47 «Амангелді атындағы орта мектебі» КММ қабылдау бөлімінде қабылданады

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасы,
жетім және ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға
жаңа оқу жылына дайындық.

https://www.facebook.com/share/p/1Ap3S2u8Uj/

Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде жыл сайынғы «Мектепке жол – 2025» республикалық қайырымдылық науқаны басталды.

Акцияның мақсаты - аз қамтылған және көп балалы отбасы, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңіне қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.

Осыған орай жаны жайсан, қолы ашық, жомарт жандардың барлығын өскелең ұрпақтың сапалы білім алуына жағдай жасап, олардың болашағына үкілі үміт сыйлау мақсатында

"Мектепке жол Республикалық акциясына

1 тамыз - 30 қыркүйек аралығында белсенді қатысуға шақырамыз! Әлеуметтік педагог Диляра Джилкибаева байланыс телефоным 87758719307

Шу ауданы, Төле би ауылындағы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) жанында ұйымдастырылған «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагерінің жабылу салтанаты

2025 жылдың маусым айының 27 күні Шу ауданы, Төле би ауылындағы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) жанында ұйымдастырылған «Айгөлек» жазғы сауықтыру лагері өз жұмысын сәтті аяқтады. Балалар үшін бұл маусым таным мен шаттыққа толы, есте қаларлық демалыс кезеңі болды.

Жабылу салтанаты мерекелік көңіл күймен өтті. Іс-шара барысында оқушылар лагерьде алған әсерлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, әзіл мен ойын көріністерін көрсетті. Лагерь барысында белсенділік танытқан балалар мен тәрбиешілер алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтар табысталды.

Балалар жазғы демалыс кезінде түрлі спорттық жарыстарға, қолөнер, ән-би үйірмелеріне, психологиялық тренингтерге және танымдық саяхаттарға қатысты. Бұл – олардың бойында достық, ұйымшылдық, жауапкершілік сынды қасиеттердің қалыптасуына үлкен әсер етті.

Салтанатты шара соңында барлық балалар мен тәрбиешілерге ризашылық білдіріліп, «Айгөлек» лагерінің келесі жылы да жалғасын табатыны айтылды. Балалардың жүзіндегі күлкі мен шаттық олардың демалысының мәнді де мазмұнды өткенінің дәлелі болды.

Шу ауданы, Төле би ауылы

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)

"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері – 26 маусым күнгі іс-шара

2025 жылдың маусым айының 26 жұлдызында мектеп жанындағы "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагерінде кезекті күн белсенді әрі мазмұнды өтті. Таңертең оқушылармен сергіту жаттығулары жүргізіліп, күнді көңілді әрі белсенді бастауларына мүмкіндік жасалды.

Күн тәртібіне сәйкес, оқушылармен "Көргенімді бейнелеймін" атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Бұл шара балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, елестету мен ойлау шеберлігін арттыруға бағытталды. Оқушылар өз ойларын қағаз бетіне түсіріп, көрген әсерлерін сурет арқылы жеткізуге тырысты.

Сонымен қатар, балалар үшін әртүрлі көңіл көтеретін қимыл-қозғалыс ойындары ойнатылып, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуына ықпал етті.

Күніміз өте қызықты әрі мазмұнды өтті. Балалар жарқын көңіл-күймен, жақсы әсермен үйлеріне тарқасты