"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері аясында өткізілген күндік іс-шара 2025 жылдың 12 маусымы күні "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері аясында балалар үшін мазмұнды және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

Алдымен мектеп медбикесі Ш.Имашева балаларға алғашқы көмек көрсету түрлері бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қана қоймай практикалық іс-жүзінде де көрсетіп өтті. Денсаулық – адам өмірінің басты байлығы екені айтылып, оқушыларға өмірлік маңызы бар пайдалы ақпараттар берілді.

Келесі кезеңде технология пәні мұғалімі Ф. Абдукаимова оқушыларға батпырауық жасаудың жолдарын үйретіп, балалар өз қолдарымен жасаған батпырауықтарын аспанға ұшырды. Бұл кезең балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытумен қатар, керемет көңіл-күй сыйлады.

Іс-шараның жалғасында оқушылар Шу аудандық орталық кітапханаға барып, кітапхана қорындағы қызықты кітаптармен танысты. Оқу мен білімнің адамның басты байлығы екені, білімді болудың әр бала үшін маңызды мақсаты екендігі туралы ой қозғалды. Оқушылар бойында кітапты бағалау, оны қадірлеу, оқып алған білімдерін өмірлік тәжірибеде пайдалана білудің маңызды екендігін ұғына білді.

Күннің барлық кезеңдері балалар үшін ерекше әсерге толы болып, қызықты әрі пайдалы өтті.

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 10 маусым күні мектеп жанындағы «Балауса-2025» жазғы сауықтыру лагерінде балалар «HAPPY LAND» ойын – сауық орталығына барды. Ойын-сауық орталығында балалардың уақытын қызықты, әрі көңілді өткізуге арналған жұмсақ ойын лабиринті, ойын кешендері мен әткеншектер, өрмелеуіш сынды ойын құрылғыларымен жабдықталған. Балалар өз әсерлерімен бөлісіп, көңілді қайтты. Мақсаты: ептілік қасиеттерін дамытып, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.

#Лагерь2025

Жоспарға сәйкес кесте бойынша жетекшілер
балаларға тағы да бір көңілді,
қызықты күн сыйлады.

“Қарлығаш”,”Ромашка”,”Бұлбұл”,”Солнышка” топтарынын
оқушылары белсенді қатысты.

Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)"Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері аясындағы серуен 2025 жылдың 11 маусымы күні "Айгөлек" жазғы сауықтыру лагері тәрбиеленушілері Шу ауданы, Төле би ауылындағы М.Жүнісәлиев атындағы саябаққа серуенге барды.

Серуеннің мақсаты – балалардың жазғы демалысын көңілді өткізу, табиғат аясында белсенді демалуын қамтамасыз ету, жағымды эмоциялар сыйлау.

Балалар саябақтағы батутқа секіріп, әртүрлі ойын құралдарымен ойнады. Олар үшін арнайы ұйымдастырылған көңіл көтеру аймағында түрлі ойын-сауық шаралары өтті. Балалар шынайы қуанышқа бөленіп, белсенді демалыс пен достарымен бірге өткізген уақыттан зор ләззат алды.

Серуен барысында тәрбиешілер қауіпсіздік ережелерін сақтап, балалардың жақсы демалуына жағдай жасады. Күн әсерлі әрі есте қаларлықтай өтті.

Мектеп өмірі: білім,тәрбие,табыс тақырыбында мектептің тыныс тіршілігіне баяндама

Ағымдағы жылдың 10 маусымында, мектеп директоры Е. Ахметов мектептің Қамқоршылық кеңесіне 2024-2025 оқу жылында жасалған жұмыстар туралы жылдық есебін берді.

Шу ауданы, Төле би ауылы Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) бойынша 2025 жылдың 9 маусым күні мектеп жанындағы «Айгөлек» лагерінің оқушылары, Шу ауданы «Оқушылар» сарайында өткен Ә Еспаев атындағы балалар саз мектебінің мұғалімі- Қосмайлова Ләйлә Әбекенқызының жетекшілігімен домбыра сыныбы оқушыларының «Домбырам-асыл қазынам!» атты шығармашылық кештің көрермендері болып қайтты.

Бұл іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, күй өнері мен домбыраның маңызын оқушыларға терең таныту, өнерге деген қызығушылықтарын арттыру болып табылды.

Кеш барысында оқушылар халық күйлерін тыңдап, күй тарихынан сыр шертіп, домбыраның шығу тарихы мен қазақ мәдениетіндегі орны туралы ойлары қалыптасты. Сонымен қатар өнерлі оқушылардың ән тыңдап, жырларын тыңдап қайтты.

Қосмайлова Ләйлә Әбекенқызының ұйымдастырған шығармашылық кеші оқушылар мен көрермендерге рухани әсер сыйлап, ұлттық өнердің қадір-қасиетін ұғындыруда үлкен маңызға ие болды. Домбыра – қазақ рухының үні екенін тағы бір мәрте дәлелдеген бұл кеш өнерге құштар жас буын үшін жарқын үлгі болды.