Бітіруші мектеп түлектерінің 11 жыл

24 мамыр күні 2024-2025 оқу жылының аяқталуына арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты жиынның мерекелік шарасы өтті. Бұл ерекше күн – мектеп бітіруші түлектер үшін мәңгі есте қалатын, жүректі тебірентетін сәттердің бірі.

ҚР Мемлекеттік Туы көтеріліп, Гимн орындалғаннан кейін, алғаш болып сөз сөйлеген мектеп директоры А.Байгисиева мектептің жетістіктері мен білім беру саласына үлес қосқан ұстаздардың еңбегіне ерекше тоқталып өтті.

Бұл күн – үлкен өмірге ашылған жаңа есік болғандықтан, түлектерге ақ жол, жарқын болашақ, биік белестер тілейміз!

Ата-аналар жиналысы және Қамқоршылық кеңесінің біріккен отырысының хаттамасы
Бүгін М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 1-11 сынып оқушылары арасында 2024-2025 оқу оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім-Отаныма!» атты бірыңғай тәрбие сағаты өткізілді. Шара Қазақстан Республиксының Мемлекеттік Әнұранымен ашылып, оқушылардың бойында патриоттық, отансүйгіштік рух пен ұлттық бірлік сезімін оятты. Тәрбие сағаты барысында ҚР.Оқу –ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтауы көрсетілді. 2024-2025 оқу жылы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны негізінде жүзеге асырылып, білім алушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға , академиялық адалдықты нығайтуға және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді қолдануға бағытталды. Жыл бойы оқу-тәрбие жұмысы басты құндылықтарға негізделіп құрылды. Бүгінгі «Білімім-Отаныма!» атты тәрбие сағатында оқушылар білімнің ел болашағы үшін маңызын түсініп, өз үлесін қосуға дайын екендіктерін көрсете білді. Әр буын бойынша ең үздік деп танылған эссе жеңімпаздары марапатталды. Шара барысында оқушылар мектепке және ұстаздарға деген алғыстарын айтып, тілектерін білдірді.

Шу ауданы, Төле би ауылы

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеу жоспарына сай 23 мамыр күні «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны аясында «Полиция – балалардың қорғаны» тақырыбында тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, полиция қызметкерлерінің еңбегімен таныстыру, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлін түсіндіру.

Шара барысында құқық қорғау органдарының өкілдері Шу АПБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы Аяжан Серіктің қатысуымен жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу өтіп, балаларға құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, өмірде қауіпсіз жүріп-тұру ережелері айтылды.

Бастауыш буын оқушыларымен «Жол ережесін жадыңда ұста!» тақырыбында түсіндірме жұмыстары мен профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Оқушылар өз сұрақтарын қойып, мамандармен ашық әңгімелесті. Іс-шара тәрбиелік мәні зор, танымдық кездесу ретінде өткізілді.

Шу ауданы, Төле би ауылы

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 22 мамыр күні 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, 7 "Ә" сынып жетекшісі З. Балтабаева тәрбие сағатын өткізді.

Іс-шараның мақсаты – ХХ ғасырдағы зұлмат жылдардың тарихи маңызын ұғындыру, жазықсыз құрбан болған жандардың рухына тағзым ету, оқушылардың тарихи сана-сезімін қалыптастыру.

Сабақ барысында тарихи деректер, архивтік материалдар, тағдырлы тұлғалар туралы мәліметтер ұсынылып, оқушылар өз ойларымен бөлісті. Қуғын-сүргін құрбандарына үнсіздікпен тағзым жасалды. Сонымен қатар білім алушыларға ХХ ғасырдың 30-50 жылдары кеңес үкіметі жүргізген саяси қуғын-сүргіннің себеп-салдарын терең түсіндіру, тоталитарлық жүйенің зардаптарын ұғындыру, тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге үндеу. Оқушыларға саяси қуғын-сүргінге ұшыраған жазықсыз тұлғалардың өмір жолын таныстыру арқылы олардың бойында азаматтық белсенділік пен әділдікке деген құрмет қалыптастыру көзделді.

#біртұтас_тәрбие

Шу ауданы, Төле би ауылы

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО)

2025 жылғы 22 мамыр күні 10 «Б» сынып жетекшісі А. Балғожаева экология бағыты бойынша «Табиғат пен адам-ажырамас әлем» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді.

Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау туралы түсінік беру. Табиғат пен адам арасындағы тығыз байланысты ұғындыру, экологиялық сананы қалыптастыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу.

Сынып жетекші тәрбие сағатында оқушылармен бірге жергілікті табиғат, қоқыс қалдықтарының зияны, қайта өңдеудің маңызы, су мен ауа тазалығы секілді мәселелерді талқылады. Адам мен табиғаттың – егіз ұғым екенін, адам табиғатсыз өмір сүре алмайтындығы туралы, табиғатты аялау – әр адамның басты парызы екендігін айтып өтті.

Тәрбие сағаты барысында бейнематериалдар көрсетіліп, оқушылардың экологиялық білімін кеңейтетін сұрақ-жауап, пікірталас ұйымдастырылды.

Шу ауданы білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ-нде 2025 жылдың 20 мамыр күні Шу АПБ-нің ЖПҚ ЮПБ-нің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Б.С.Жайлибеков пен Шу АПБ ЖПКБ ЮПТ УПИ аға лейтенанты К.Т.Мынжасаров 8-9 сыныптар арасында түсіндірме профилактикалық жұмыс жүргізіп, білім алушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында .
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданының білім бөлімінің Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 19 мамыр күні «Қазіргі ата-аналар мен балалар » тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде:
1 . 2024-2025 оқу жылының қорытындысы (Мектеп мұғалімдері мен оқушылар жетістігі, соңғы қоңырау, аттестат тапсыру кеші,т.с.с)
Жауапты: мектеп директоры Джумагулова Айгул Сериковна
2. Жазғы демалалыс кезіндегі қауіпсіздік және жазғы демалыс кезіндегі құықбұзушылықтың алдын алу Жауапты: ДҚТІЖО Нурбекова Молдир Миаткуловна
3.Жаз кезіндегі білім алушылардың демалысын, сауықтыруын,лагерь
жұмыстарының ұйымдастырылуы
Жауапты: ДТІЖО Адалбекова Асем Рустемовна
4. 2025-2026 оқу жылының мектеп формасы
Жауапты: ДТІЖО Адалбекова Асем Рустемовна
2024–2025 оқу жылының аяқталуына орай Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) бойынша мектеп оқушылары арасында «Білімім – Отаныма!» атты республикалық сынып сағаты аясында эссе байқауы өткізілуде.
Мақсаты:
- Білім алушылардың өз білімдері мен іс-әрекеттерін еліміздің дамуына қосқан үлес ретінде бағалау;
- «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы аясында оқушылардың отансүйгіштік, адалдық, жауапкершілік секілді қасиеттерін қалыптастыру;
- Оқушыларды болашақта саналы мақсаттар мен нақты жоспарлар құра білетін көкірегі ояу, білімді де саналы азамат ретінде тәрбиелеу.

#Таза Қазақстан #Заң және тәртіп #Адал азамат #Білімім_Отанымa