9 МАМЫР – ЖЕҢІС КҮНІ!

Абай атындағы орта мектебінде 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған іс-шара өткізілді

Ағымдағы жылдың мамыр айының 8 күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Шу ауданы, Төле би ауылы, Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебі (РО) базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым -ұрпаққа үлгі» атты мерекелік іс -шара өткізілді.

Мақсаты:

Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігін дәріптеу, жас ұрпақты отансүйгіштікке, батырлыққа және тарихи жадыны құрметтеуге тәрбиелеу.Ұрпақ пен ұлы Жеңіс арасындағы рухани байланысты нығайту.

Іс-шара барысында мектеп директоры оқушылар мен ұстаздарды Жеңіс күнімен құттықтап, ерлікке тағзым ету ұлттың рухани парызы екенін атап өтті. Оқушылар соғыс тақырыбындағы өлеңдер оқып,көріністер қойып, жеңіс күні туралы әндерді орындады. Жеңіс жолында қаза болған батыр бабалар рухына тағзым етіп,үнсіздік минуты жарияланды.

-Іс шарадан оқушылар Жеңіс тарихын терең түсініп, Отан қорғау ұғымын қадірлеуге тәрбиеленді;

- Ардагерлерге деген алғыс сезімін білдірді;

- Патриоттық сезімі мен азаматтық ұстанымының қалыптасуына үлкен үлесін қосты.

7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай 6"а" сынып жетекшісі Желдикараева Белес өз сыныбында "Жас Ұлан" атты тақырыпта сынып сағатын өткізді.Мақсаты: оқушылар арасында елін,жерін әруақытта құрметтеуге, әскери борыш туралы түсіндірілді.
Амангелді атындағы орта мектебінде Ұлы жеңістің 80 жылдығына орай "Ел қорғаған батырлар" атты тақырыпта 6"а" сыныбында тәрбие сағатын өткізді.Мақсаты:Тәрбие сағатында -Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында соғысқа қатысқан қазақстандықтардың ерлігіне тағзым етуге;Жас ұрпақты отансүйгіштікке,тарихи сананы қалыптастыру мақсаты болды.Сынып жетекшісі: Желдикараева Б.М.

Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) 2021-2025 жылдарға арналған «Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру мақсатында мектепішілік дәстүрге айналған 8-11 сынып оқушыларымен «Мен оқыған бір кітап» байқауының ІІ кезеңі болып өтті.

Байқау мектеп кітапханашысы Ізғалиқызы Раушан апайымызды еске алу құрметіне орай ұйымдастырылып, балаларының атынан жеңімпаз оқушыларға жүлде тағайындалды. Байқаудың әділқазылар алқасы: аудандық ардагерлер кеңесінің мүшесі Жылқыбай Қайшыбеков,ардагер ұстаз, зейнеткер Күлжахан Кәрібайқызы, аудандық білім бөлімінің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері Айғаным Асқарбек, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Дүйсенкүл Тілепбергенқызы әр оқушының байқау ережесі бойынша жасаған жұмыстарына жеке талдау жасап, жетістіктері мен кемшіліктеріне аса мән берді.

Алдыңғы буын аға ,әпкелердің оқығаны да, көргені де өте көп екен.Оқушылар шығармашылығына өз бағаларын беріп, «Кітап- құнды дүние» ,«Кітап-ұстаз, ақылшы, дос» екені жайында пікір бөлісті.

Ісшара соңында мектеп директоры М.Сұлтанова, тірек мектебінің эксперимент ісі жөнініндегі орынбасары Б.Жексенбаева оқушыларға ізгі тілектерін білдіріп, жүлде жеңімпаздарын диплом, алғыс хаттармен марапаттады.

Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (Р.О) көктемгі сессия жоспарына сәйкес Мамыр айының 5 жұлдызында «Қазақ хандығының қалыптасуындағы қазақ хандарының рөлі" уйірмесінің жетекшісі

Асенова Қазына 8-сыныптарымен «"Жеті атасын білмеген жетесіз"» тақырыбында танымдық сабағын өткізді. Бұл мақал – қазақ халқының ұрпақ тәрбиесіндегі терең даналығын білдіреді. Ата-бабасын білу – тек шежірені сақтау емес, ол – адамгершілік, туыстық, отансүйгіштік пен рухани тәрбие негізі. Жеті атасын жаттау – ұрпақты тектілікке, ар-ұятқа, қандастық байланысқа адал болуға баулиды. Өз тегін таныған жас – елін, жерін құрметтейді.

Сабақта оқушылардың ойлау және тілдік қабілеттерін, қарым- қатынастық біліктілігін дамыту, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындау, негізгі ойды бөліп алу, өз пікірін қорғай алу, ой қорытындысын жасату.

7 МАМЫР – ОТАН ҚОРҒАУШЫЛАР КҮНІ!

Абай атындағы орта мектебінде 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді.

Мектебіміздің ер азаматтарын құттықтап, мерекелік көңіл күй сыйладық.

7 мамыр Отан қорғаушылар күніне орай «Жас сарбаз» сапта жүріп ән салу байқауы өтті.